15 ақпан 2023
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды академиялық орыс драма театры балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын драматургтерді "Ашыл!" Халықаралық онлайн-байқауға қатысуға шақырады. Ең жақсы пьесалар театр сахнасында қойылады. Жұмыстар 15 мамырға дейін қабылданады.
– Жақсы драматургия баға жетпес дүние. Бізде жасөспірімдерге арналған қойылымдар жоқ. Ал көрермендерді өзіміз тәрбиелеуіміз керек. Бізге үш жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған пьесалар қажет. Қатысушылар үшін жас шектеулері жоқ. Тақырып пен жанр бойынша да. Кәсіпқойлар да, әуесқойлар да қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау басталды. Жеңімпаздардың пьесалары біздің театрда қойылады. Бірінші қойылым біздің театрға тиесілі. Сонымен қатар, біздің сайттағы қысқа тізімге енген пьесалардың шағын кітапханасы болады, – деді театр басшысы Дунай Еспаев.
Байқауды балалар драматургтері, театр сыншылары, режиссерлер, суретшілер, сценографтардан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Қорытындысын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні шығарады.
Пьесалар соңғы екі жыл ішінде (2021–2023) жасалған түпнұсқа (сахналанбаған шығармалар және авторлардың өз шығармалары бойынша жазғандарын қоспағанда, басқа шығармалар негізінде жасалмаған) болуы керек. Барлық пьесаларда олардың жазылған жылы нақты көрсетілуі керек.
Автор байқауға әр номинация бойынша бір пьеса ұсына алады ("3–5 жастағы балаларға арналған пьесалар", "6–11 жастағы балаларға арналған пьесалар" және "12–14 жастағы жасөспірімдерге арналған пьесалар").
Мәтіндерді электрондық пошта арқылы MSWord мәтіндік редакторлары (doc, docx) форматында мына мекен-жайға жіберу қажет: stan-dram@mail.ru. Барлық пьесалар тек электронды форматта қабылданады.
Хаттың тақырыбында міндетті түрде "Ашыл!" "I Халықаралық балалар мен жасөспірімдер драматургиясы байқауы" деп көрсетілуі тиіс.
Сондай-ақ, автор өзінің аты-жөнін, тұрғылықты жерін, байланыс ақпаратын (e-mail) жазуы тиіс, сондай-ақ қысқаша өмірбаянын (doc, docx форматындағы жеке құжатта) және фотосуретін қоса беруі керек.
Пьесаның мәтінін Times New Roman шрифтімен, 14-ші кегльмен, 1, 1.15 немесе 1.5 жол аралығымен теру керек.
Байқау ережесімен театрдың сайтында танысуға болады: stanislavsky.kz.
Толық ақпарат: +7-702-615-50-76, (8-7212) 30-12-82 (Галия Вильдановна) және (8-7212) 56-56-74 (театрдың қабылдау бөлмесі).